Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін, бүгін, бүгін

Бүгін, бүгін, бүгін

Бүгін – 24-інші тамыз. Бұл күн тарихта қандай атаулы оқиғалармен есте қалғанын білесіз бе?

Алдымен әлем елдерін бір шолып өтейік. АҚШ-та бүгін Ұлттық вафли күні тойла­нады. Мерекенің тарихы 1869 жылдың 24 тамызынан басталады. Сол күні америкалық Корнелиус Свартхаут тәтті тағамды жасауға мүмкіндік беретін табаны патенттеді. Осылайша, вафли жасал­ған. Вафли 42 жылдан соң оның электронды нұсқасы қолданысқа енді. Бір қызығы, вафли әлі күнге сұранысқа ие тағам түрі. Ал Украинада бүгін тәуел­сіздік күнін тойлайды. Мереке 1992 жылы бекітілген. Бұл қазіргі Украина мемлекетінің құрылған күні болып саналады. Қырғызстанда Ішкі әскери күні аталып өтсе, Грузияда – Конституция күні мерекеленеді. Сондай-ақ Эстония­да – 18 ғасырдан бері келе жатқан күздің басталуы тойланатын – Пяртель күні. 1904 жылдың 24-інші тамызында Ресейде денесіне зақым келтіріп жазалау әдісі жойылды. 1949 жылы НАТО-да білім беру туралы келісім-шарт күшіне енді. Осы ретте 2006 жылы Плутон Күн жүйесіндегі планеталардың бірі саналмай­тын болып, шағын ғаламшарлардың қатарына жатқызылды. 2008 жылы Қытай астанасы Бейжіңде XXIX жазғы Олимпиада ойындарының жабылу рәсі­мі өтті.

Бұл күні елімізде де қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалар болды. 1992 жылы Қарағанды облысында Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай Қоңырбайұлының туғанына 190 жыл толуы аталып өтті. 1996 жылы Алматы облысында Сүйінбай атындағы әдеби-ескерткіш музейі ашылды. 2012 жылы Маңғыстау облысында «Жеқазған-Бейнеу» темір жол желісін салу басталды. 2016 жылы Қазақстан армиясы елімізде шығарылған «Арлан» ал­ғашқы брондалған машиналарымен жабдықталды. 2016 жылы Белградтың орталық көшесінің бірінде қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың мүсіні ашылды. 2016 жылы халықаралық олим­пиада комитетінің президенті Томас Бах қазақстандық танымал бокс­шы Геннадий Головкинге айрықша олим­пиа­далық төсбелгісін жолдады.

24-інші тамызда дүниеге келген бел­гілі тұлғалар қатарында әйгілі ресей­­лік мүсінші Евгений Лансеренің, театр және кино актрисасы Джемма Осмоловская­ның, бразилиялық жазушы және ақын Пауло Коэльоның, режиссер, теле­жүр­гізуші Стивен Фрайдың, суретші Ғани Баяновтың, мемлекет және қоғам қайрат­кері  Төлеген Сәрсембековтің есі­мін атауға болады.
«Тт» ақпарат
Фото: ernur.kz
24 тамыз 2024 ж. 134 0