Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылуда

Қызылордада Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылуда

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Қожа Ахмет Яссауи көшесінің Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі аумағын қайта жаңғыртуды мердігер мекеме «Қыран» ЖШС наурыз айында бастады, жоба құны – 3 млрд. теңге. Ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақтыға ауыстырылып, толығымен жарықтандырылады, арық қазылып, жаяу жүргіншілер жолы төселеді және жарық шамдары орнатылады.

Мұнан бөлек, көшені абаттандыру жұмыстарына 725 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «BSG Инжиниринг» ЖШС жұмысты жуық арада бастап, қараша айында аяқтамақ. Жоба бойынша теміржолдың екі бетіне тұрғындардың серуендеуіне ыңғайлы аллеялар, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұл көше халыққа қолайлы болуымен қатар, Қызылордаға жеткен пойыз жолаушыларының қаланың көркі, тазалығы туралы алғашқы ойын қалыптастырады. Осылайша қаланың орталық көшелері ғана емес, шет аймақтағы көшелер де кеңейтіліп, көркейтіледі.

Сондай-ақ, қарқынды құрылыс алаңына айналған Қызылорда қаласының сол жағалауындағы жаңа автовокзал ғимаратының аумағына ағаш көшеттері отырғызылып, барлық ауданда елді мекендер көгалдандырылуда.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысан таяуда ел игілігіне табысталмақ. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңге қаржысы инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз, желілерін, автожол жүргізуге жұмсалды. Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылуда. Осы аумаққа 615 шаршы метр гранит жабыны, 16,2 шаршы метр асфальт, 4038 шаршы метр кеспе тас және 3630 шаршы метр қиыршық тас төселетін болады. «Қызылорда қаласындағы әуежайдың іргелес аумағын абаттандыру құрылысы» жобасына 634 050 млн теңге бөлініп, 4 жолақты, ұзындығы 480 метр, әр жолақтың ені 3,5 метр болатын жол салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы айдың соңында аяқталады.

Еске салсақ, облыста өткен жылы 38 млрд. теңгеге 671 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 87,5 пайыз болса, осы жылдың қорытындысымен бұл көрсеткішті 92 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда жергілікті жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ұсынылған 61 млрд. теңге бюджеттік өтінімнің 30 млрд. теңгесі қолдау тауып, 215 шақырым автомобиль жолдары, көпір өткелдері және көшелер жөнделмек. Жыл соңына дейін қаржыландыру көлемі тағы да ұлғайтылады. Оның ішінде Қызылорда қаласының жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерге 28,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, оның 12 млрд.теңгесі қолдау тапты. Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 11 млрд теңгеге 82 шақырым болатын 267 көше жөндеуден өтті.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
10 сәуір 2024 ж. 219 0