Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 300 тонна болатын тұқым шаруашылығы іске қосылды
Қазақстан өңірлерінде балық шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.Қызылорда облысының Арал ауданында тұқы өсіретін тоған балық шаруашылығы құрылды.
«Маусым айында 7 млн. 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Күзге дейін тоғандардың ауданы 25 гектарға дейін ұлғайтылады, содан кейін қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталады. Тауарлы балықтың алғашқы партиясын 2025 жылы алуды жоспарлап отырмыз», – деді Қуаныш Өмірзақов.











