Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада Антикор еріктілерінің арқасында әлеуметтік нысанның жай-күйі қалпына келтірілді

Қызылордада Антикор еріктілерінің арқасында әлеуметтік нысанның жай-күйі қалпына келтірілді

Ағымдағы жылғы наурызда Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» әкімшілік ғимаратының техникалық жай-күйіне мониторинг жасау барысында кемшіліктер анықтаған болатын.

Айта кетейік, аталған ғимараттың сыртқы беті (қабырғалары) едәуір ескіргені (қаптаулары түсіп қалған), сәйкесінше жаңа жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі және осы мәселені зерделеу барысында бұл ғимараттың сыртын жөндеу жұмыстарына 2023 жылы 4 млн теңге бюджет қаражаты бөлінгені белгілі болды.

Департаментпен жоғарыдағы бұзушылықтарға байланысты облыс әкімдігіне тиісті шаралар қолдану үшін ұсыныстар жолданып, нәтижесінде, аталған ғимаратта тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді.
19 маусым 2024 ж. 156 0