Жайдарлы жайдармен фестивалі өтті
Фестивальда 13 команда таланттары мен тапқырлықтары арқылы көрермендерге жарқын көріністерді ұсынып, көпшіліктің көңілінен орын алды. Өнер көрсеткен командалар қатарында Жамбыл облысынан «Жуалы», Түркістан облысынан «Төле би» және «Карамель», Астана қаласынан «КРАШ» және «Ақпен бірге», Шымкент қаласынан «Абырой», Орал қаласынан «Талант», Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстаннан «Алмаз», Алматы облысынан «Алатау SU», Орал қаласынан «Дежавю», Батыс Қазақстан облысынан «Европолис», Қызылорда қаласынан «Q құрамасы» және «Ассамблея жастары» командалары бар.
Фестиваль қорытындысымен Астана қаласының «КРАШ» командасы – І орын (1 млн.теңге), Алматы облысының «Алатау SU» командасы – ІІ орын (500 мың теңге), Қызылорда қаласының «Ассамблея жастары» командасы – ІІІ орын (300 мың теңге) иегері атанды.
Сондай-ақ, ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналған «Алатау SU» командасының мүшесі «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Барлық командаларға аймақ басшысының Алғысы табысталды.
Мемлекеттік бағдарламалармен қатар жастардың шығармашылығын, рухани дүниесін дамытуға, актерлік қабілетті қалыптастыруға үлес қосып жүрген жобаның бірі – Жайдарман ойындары.
Жоба әзіл-оспақты пайдалана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға шақырып, отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттап келеді.
Бүгінде облыс көлемінде 200-ге жуық командада 1000-нан астам жайдарманшы жас тіркеліп, аудандық, қалалық және облыстық, бірқатары республикалық ойындарда өз бақтарын сынауда.
Жалпы алғанда қазіргі заманғы жастардың қызығушылықтарын ескере отырып, «Жайдарман ойындарын» дамыту мен қолдау, идеологиялық бағыттағы жұмыстарға жастарды белсенді тартуға мол мүмкіндік берері сөзсіз.