Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Тергеушілер слёті» өткізілді

«Тергеушілер слёті» өткізілді

Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестірумен «Тергеушілер слёті» өткізілді.

Слётқа негізінен тергеу және анықтау саласының жас мамандары, сот, адвокатура, кәсіби сарапшылар, күштік құрылым басшылары, сала ардагерлері мен ғалымдар қатысты.

 Іс шараның мақсаты қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелерін талқылау, тергеу сапасы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Іс шараның бірінші кезеңін облыс прокуроры Р.Ожаров ашып, қылмыстық істерді тергеудің жүйелі проблемалық мәселелеріне тоқталды және оларды тиімді шешу жолдарын ұсынды. Слёт барысында сөз алған тергеу саласының ардагерлері өз тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға ақыл кеңестерін айтты. Бірінші кезең қатысушылардың пікірлерін ашық айтып, қызу талқылауымен және әділетті әрі тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру туралы ортақ шешімге келуімен аяқталды. Слёттің екінші кезеңі Қызылорда облыстық полициядепартаментінің арнайы жаттығу алаңында жалғасын тапты. Бұл кезеңде тәжірибелі тергеушілер жас мамандарға кісі өлтіру,пәтер ұрлығы және жол көлік оқиғасы қылмыстары бойынша оқиға орнына қарап-тексеруден мастер класс өткізді. Слёт нәтижесімен қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген тергеушілер облыс прокурорының «Алғыс хатымен» марапатталды. Қатысушылар «Тергеушілер слётін» жыл сайын тергеушілер күні қарсаңында, яғни 6 сәуірде дәстүрлі түрде өткізуге уағдаласты.

Сырдария аудандық прокуратурасы
Фото: Ашық дереккөзден 

22 мамыр 2024 ж. 224 0