Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Түлектер тартуы

Түлектер тартуы

Мектеп бітіргеніне 10, 20, 30, 40, 50 жыл болған түлектер өздері білім алған оқу ордасына құрмет көрсету мақсатында жыл сайын түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл қоғамда қалыптасқан дәстүр десек те болады. №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейін бітірген 20 жылдық түлектер биыл аудандық газеттің 85 жылдық мерейтойына ерекше тарту жасамақ ниетте.

Бізге арнайы ұсыныспен түлектер атынан Біржан Елеусінов хабарласып, сынып­тастарының ой-пікірі мен мақсатын жеткізді.

– Біздің мектеп бітіргенімізге 20 жыл болыпты. Бұл аз да, көп те уақыт емес. Осы жылдар ішінде қандай да бір жетістікке жетсек, оны халыққа жеткізіп, насихаттап, аудандық газет әркез қолдау көрсетті. Бұл үшін біз қарыздармыз, жергілікті жаңалықтардың жар­шысы болған басылымға айтар алғы­сымыз да шексіз. Осы ретте сыныптас достары­мызбен ақылдаса келе «Тіршілік тынысы» аудандық газетінің 85 жылдық мерейтойына орай тоғызқұмалақтан жасөспірімдер (9,11,13 жас) арасындағы Сырдария ауданының ашық турнирін өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойын облыс көлемінде атап өтуге өз үлесімізді қосу және ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау, дамыту. Бұл қадам арқылы біз спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыруға ат­са­лысамыз, жастарды, жасөспірімдерді қызы­ғушылығын арттырамыз және үздік спорт­шыларды анықтаймыз, – дейді Біржан Елеусінов.

Ұйымдастырушылардың ұйытқы болуымен бүгінде турнирдің ережесі бекітіліп, тиісті мекемелерге таратылды. Сырдария ауданының денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі басшысы Б.Есенов бекіткен ережеге Сырдария спорттық-зияткерлік ор­талығы директоры Л.Бауыржанова мен аудандық газеттің бас редакторы А.Ибрагимұлы келісім беріп, қол қойған.

Сырдария ауданының ашық турнирі 2024 жылдың 17-19 мамыр күндері Тереңөзек кентінде өтеді. Командалардың келу күні 17 мамыр болса, мандат комиссиясы 17 мамыр күні сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 18-19 мамыр ойын күндері болмақ. Әр спортшыға бір партияға рапид түрінен 20 минут уақыт беріледі.

– Сырдария ауданының денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі жарыстың талапқа сай ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Негізгі жарысты Сырдария спорттық-зияткерлік орталығы бекіткен төрешілер алқасы жүргізеді. Аудандық ашық турнир 6 топта жекелей есепте өткізіледі. Яғни, жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 11 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар, 13 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар бақ сынайды. Қызылорда облы­сының барлық аудандарынан 1 команда қатыстырылады. Жарыс­ты өткізуші аудан қосымша спортшылар қатыстыра алады. Сондай-ақ әр командаға төреші әкелуі міндеттеледі. Төрешісіз келген команда жарысқа қатыстырылмайды, – дейді жарыс­ты ұымдастырушылар.

Газеттің 85 жылдық мерейтойына ар­нал­ған турнир Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесіне» сәйкес өткізіледі. Жарыстың төре­шілер алқасының құрамы жарыс бастал­уына 3 күн қалғанға дейін ұйымдастыру ал­қасы тарапынан анықталуы тиіс. Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар Сырдария ауда­нының денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және демеушілердің, яғни, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 2004 жылғы бітіруші түлектерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Аудандық газет редакциясы тарапынан ұйымдас­тыру­шыларға алғыс айтып, турнирдің жоспарға сәйкес өткізі­луіне, ойдағыдай қорытындылануына тілектестігімізді білдіреміз.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
14 мамыр 2024 ж. 218 0