Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі ауызашар берді

Аудан әкімі ауызашар берді

Орталық мешітте аудан жұртшылығына ауызашар берілді.

Ауызашарда аудан әкімі Берік Сәрменбаев сөз сөйлеп, қасиетті айда ізгілік, мейірімділік, сыйластық, татулық пен бірлік секілді басты құндылықтар жаңғыратынын жеткізді.

– Осы күндерде азаматтарымыз рухани тазарып, жан дүниесін жаңғыртады, жақсылық жасайды. Аудан жұртшылығы арасында да қасиетті айда ізгі істер бастау алып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау игі дәстүрге айналған. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған қайырымды істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ынтымақ, бірлігіміз бекем болып, ауданымыз дами берсін! –деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ауызашар шарасында ауданның зиялы қауым өкілдері, түрлі сала ардагерлері, еңбек адамдары қасиетті айдағы игі амалдардың қабыл болуын тіледі.

Ғасыр жасаған соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров ақ батасын берді.
08 сәуір 2024 ж. 201 0