Мемлекеттік қызмет көрсету барысы талқыланды
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Қоғамдық кеңес мүшелерімен және мемлекеттік қызметшілермен отырыс өтті. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев арнайы қатысты.
– Бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарас қалыптасып, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасалуда. Мұндағы негізгі мақсат – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық тұрғынға бiрдей мүмкіндік қалыптастыру, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Сөз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы оң өзгерістер мен жаңалықтарды жеткізді. Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде орын алған заң бұзушылықтардың басты себептерін атап өтті. Сонымен қатар, қызмет берушілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Күн тәртібіндегі мемлекеттік қызмет көрсету барысы жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Нұржан Сүлейменов баяндама жасады. Басқарма басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесін мәлімдеді.
Отырыста аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Өткен жылы 50 мемлекеттік қызмет бойынша жалпы 9126 өтініш қабылданған. Оның ішінде, қағаз түрінде 174, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен 442 және «Электронды үкімет порталы» арқылы 8498 өтініш бар. Аппарат басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныс айтты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі