Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ізгілігі мол үрдіс

Ізгілігі мол үрдіс

Аудан орталығына іргелес жатқан Қалжан ахун ауылының халқы жақында игілікті істі қолға алған болатын. Анығын айтқанда, береке-бірлігі жарасқан аядай ғана ауыл тұрғындары мешіт жанынан асхана салуға ықпал етуде. Әрбір түтінін түтеткен шаңырақ орталай қаржы жинап, ауызбіршілік үлгісін көрсетуде. Әрине, «Имандылық – ізгілік негізі» екені даусыз. Жақсылық пен жарасымдылыққа негізделген бұл бастама – ел игілігі жолындағы сауапты іске айналмақ.

Бүгінде мешіт жанынан ашылатын асхана­ның іргетасы қаланған. Жергілікті тұрғындар асар әдісін жандандырып, бір арнаға ұйыса білген. Асхананың жалпы ауданы 6х25 метрді құрайды. Бүгінде құрылыс заттары рет-ретімен әкелінуде. Аталған жұмыстардың басы-қасынан ауыл ақсақалдары табылуда. Жастарға бас-көз болған қазыналы қарттар алдағы уақытта үлкен­ді-кішілі ас-құдайыны өткізуге арнал­­ған асхананың құрылысы сапалы салы­нуын мұқият қадағалайтын болады.

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген екен. Шын мәнін­де, асхана салуды ең алдымен бақилыққа аттаған әріптесіміз Кенжебек Смағұл бастаған болатын. Қашанда айналасы­на жақсылық жасауды үндейтін ел ағасының ісін жалғастырып жатқанымызға дән ризамыз. Жергілікті кәсіпкер Дархан Шағыров асхананы өретін ракушкасын, ауыл тұрғыны Рашид Бакуов бөренесін өз қаража­ты есебінен алып берді. Соны­мен қатар ауыл тұрғындары қолдан келгенше көмек қолын созуда. Осы іске жұдырық­тай жұмыла кіріскен көпшілікке айтар алғысы­мыз шексіз, – дейді «Қалжан ахун» мешіті­нің имамы Марат Әби.

Құрылыс жұмыстарына демеушілік ете­мін деген жандар болса, ауылдық мешіт­тің имамымен байланысуға болады.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
17 ақпан 2024 ж. 388 0