Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ауданда 4884 бала ыстық тамақпен тұрақты қамтылуда

Ауданда 4884 бала ыстық тамақпен тұрақты қамтылуда

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге бірқатар мектептердің асханаларын аралап, балаларға ыстық тамақтың талапқа сай берілуін бақылады. Бүгінде аудан бойынша 4884 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оларға күнделікті ас мәзіріне байланысты тамақ беріледі.

   Аудан басшысы асханалардың санитарлық тазалығы, қоймадағы азық-түліктердің жарамдылық мерзімі және ас мәзіріне сәйкес дайындалған тағамның мөлшері мен сапасына баса назар аударып, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
 
 Бүгінде арнайы жұмысшы топ құрылып, аудан бойынша барлық білім мекемелеріндегі ыстық тамақпен қамту барысына зерделеу жүргізуде.

07 ақпан 2024 ж. 260 0