Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады

Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады


Бүгін Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет «Ислам жəне отбасы жылы» деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде», - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
http://www.inform.kz/kz
10 наурыз 2018 ж. 1 170 0