Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығы құрылады - Бейсембаев

Елімізде үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығы құрылады - Бейсембаев

Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мұнда арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева айтып берді. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір елімізде 215 ППТК жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Қазіргі күні мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57 бірлікке ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, биыл 14 ПМПК ашу жоспарлануда. 

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып 2023 жылдың желтоқсанында министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті ашылды.

Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтер оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру» модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде, — деді Ғани Бейсембаев.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми қоғамдастық өкілдері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сүлейменова, доцент, педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында «Дара» қорының «Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының үйлестірушісі Сәуле Дүйсембекова, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов те бар.

Іс-шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
15 қаңтар 2024 ж. 231 1

Charmain от 19 мамыр 2025 00:44
Hi there! This is my first visit to your blog! We are a collection of volunteers and starting a new project in a community in the same niche. Your blog provided us beneficial information to work on. You have done a marvellous job! meilleur casino en ligne Superb blog! Do you have any tips and hints for aspiring writers? I'm hoping to start my own site soon but I'm a little lost on everything. Would you advise starting with a free platform like Wordpress or go for a paid option? There are so many choices out there that I'm totally overwhelmed .. Any recommendations? Cheers! casino en ligne France Hi there, I read your new stuff on a regular basis. Your humoristic style is awesome, keep it up! casino en ligne francais We are a group of volunteers and starting a new scheme in our community. Your website provided us with valuable info to work on. You've done an impressive job and our whole community will be grateful to you. casino en ligne France If you want to increase your experience only keep visiting this site and be updated with the latest news update posted here. casino en ligne After looking over a number of the articles on your web site, I honestly appreciate your way of writing a blog. I added it to my bookmark webpage list and will be checking back soon. Please check out my website too and tell me how you feel. casino en ligne France That is a really good tip especially to those fresh to the blogosphere. Simple but very precise info… Appreciate your sharing this one. A must read post! meilleur casino en ligne Its such as you read my mind! You seem to understand a lot about this, like you wrote the ebook in it or something. I feel that you can do with some % to power the message house a bit, however instead of that, this is fantastic blog. An excellent read. I will certainly be back. casino en ligne If you wish for to obtain a great deal from this paragraph then you have to apply such methods to your won blog. casino en ligne francais Hello, I desire to subscribe for this webpage to get hottest updates, thus where can i do it please help. casino en ligne