Сырдария ауданы – үздік бөлімше

Марапатты «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов пен «Жастар рухы» Жастар қанатының облыстық филиалы төрағасы Ә.Баймұрза «Жастар рухы» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің жетекшісі А.Ибрагимұлына табыстады.
Алғыс хатта «Өңіріміздің жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың жан-жақты қабілетін шыңдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесіңіз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта еліміздің дамуы мен партияның мақсат-міндеттерін орындауда аянбай еңбек етеді деп сенемін. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін» делінген.
Ал «Үздік рухтастар» номинациясының дипломында «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық сыйлығының «Үздік рухтастар» номинациясымен Сырдария аудандық бөлімшесі марапатталады» деп жазылған.