Үйіне қонақ – сырғалым
Жылқы ішінде ала жүр,
Ұстай алмай бала жүр.
Әкем – кәрі, бауырым жас,
Көзіңнің қырын сала жүр – деген өлең жолдарын жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабынан оқыған едік. Негізінен, көшпенділер өмірінен сыр шертетін кітап мазмұнында Қытай және Моңғолия елінің шекарасының аумағында қоныс тепкен қандастардың өмір тіршілігі баяндалады. Жоғарыда айтылған өлең жолдары теріскейдегі қазақтардың бұрымды арулары ұзатылып бара жатқанда айтатын сыңсу әнінің үзіндісі екен. Жазушы қазақы дәстүрді берік ұстанған қандастарымыздың қыз ұзату салтына ерекше мән беретіндігін ашып жазған.
Ұстай алмай бала жүр.
Әкем – кәрі, бауырым жас,
Көзіңнің қырын сала жүр – деген өлең жолдарын жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының «Дайағашшы» кітабынан оқыған едік. Негізінен, көшпенділер өмірінен сыр шертетін кітап мазмұнында Қытай және Моңғолия елінің шекарасының аумағында қоныс тепкен қандастардың өмір тіршілігі баяндалады. Жоғарыда айтылған өлең жолдары теріскейдегі қазақтардың бұрымды арулары ұзатылып бара жатқанда айтатын сыңсу әнінің үзіндісі екен. Жазушы қазақы дәстүрді берік ұстанған қандастарымыздың қыз ұзату салтына ерекше мән беретіндігін ашып жазған.
Жалпы, жазушының балалық кезеңі өткен ауыл топырағында қазақы дәстүр берік сақталған. «Жылқы ішінде ала жүр» әңмесінде қыз ұзату жоралғысының мән-мағынасына тереңнен тоқталған. Өз кезегінде қызды ұзатпас бұрын бір ай бойы «Қыз қонақ» кәдесімен ағайын-туыс үй көрсетеді. Жанына жақын құрбыларын сайлаған ұзатылатын бойжеткен әр үйге қонақтап, үлкендердің ақ батасын алады. Сонымен қатар сән-салтанатқа негізделген қонақ кәденің ақырында үй иесі қызға арнап күміс ертоқым мен жүген-ноқтаны әшекейлеп мінгізеді. Ал құрбылары сәніне сән қосып, керемет әсемденіп шығады. Әрбір шаңыраққа бас сұққан қызға жеңгесі «Бізден не қаласаң да ала ғой, ағаң бар жасауыңды өзі жасап беруге бар» деген сөздер айтып, қайынсіңілісінің көңілін аулаған.
Той болатын күні қалыңдық бауырларын жанына жиып, естелік сыйлық үйлестіреді. Барлық бауырына жетсін деген мақсатта сырға, сағат, жүзік, кәмпит секілді бағалы заттар дайындауға әпкесі міндетті. Думанды той барысында арнайы айтыстан үзінділер көрсетіліп, ән, күй, өлең айтылып, сан түрлі ойын ойнатылады. Құдалардың кәде сыйлары таратылып, оларға зор құрмет көсетіледі. Негізінен, қыз ұзатылар уақытта үлкендер қауымының қатысуымен неке оқылады екен. Содан кейін қос тарап бір-бірімен уағдаласып, қызды сән-салтанатпен сыртқа алып шығады. Жүк машинасына тиелген қыз жасауы артынан жіберіледі.
– Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының кітабын ең алғаш қолыма алғанда бір деммен оқып шықтым. Нағыз көшпелі өмірдің тұрмыс-тіршілігін суреттеп жеткізген жазушы қаламы қарымды екенін байқаймыз. Әдеби сөз өнерін барынша көркем етіп өрнектеген кітапта ауыл адамдарының қазақы салт-дәстүрді берік ұстанғаны анық көрініп тұр. Сонымен қатар ат жалынына жармасқан жылқышылардың қызықты оқиғалары, өткен ғасырдағы нәубет жылдардың халыққа тигізген ауыртпалықтары анық жазылған. Тақырыпқа арқау болып отырған қыз ұзату дәстүріндегі біз ескере білмейтін дүниелер толықтай қамтылған. Бұл ретте, қыз баласының ағайын-туысқа деген сый-құрметі ел жадында сақталары анық, – дейді мәдениет саласының майталманы Сансызбай Сәдуақасов.
Расында, сыңсу айтып, ағайын-туыспен, бауырмен, әке-шешемен қоштасу кімге болмасын оңай емес. Жазушы әпкесінің ұзату тойын әңгімелей келе қызды қолдан жіберудің өзіндік қиындықтарын мысал ретінде келтіреді. Қимастықпен қоштасқан әке жүрегінің тілім-тілім болуы, анасының қызына айтқан ақылы оқырманға ерекше әсер сыйлайды. Әңгімені жазу барысында қаламгер Қытай еліннің жазушысы Мағаз Разданұлының «Алтайдың ақиықтары» романындағы келелі сөзді ойлы оқырман назарына ұсынады. «Жүз түйеге жасауы артылып аттанғалы тұрған жалғыз қызы Дариға келіп, «қош, әке!» дегенде, қу дүниенің төбеқұйқасын қара бурадай шайнап өткен Ер Оспанның басы салбырап кетті…» деп өрнектеген. Шын мәнінде, сыңсу айтып, туған елімен қоштасқан қыз атаулысы өзге жердің түтінін түтететін аяулы келін, асыл жар атанады. Кәде-жоралғысынан арылмайтын көшпелі қазақтың салтында сыңсу айту анық қалыптасқан. Ұзатыларын білген қыз айлар бойы сыңсу әнін жаттап, жеңгесімен түн ұзақ сырласқан. Дәстүр сабақтастығын үзбеген алыстағы ағайын қазақылықтан еш уақытта айныған емес.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: ашық дереккөзден