Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Бүгін «Amanat» партиясы Сырдария аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген аудан тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Аудан әкімі Б.Сәрменбаев тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді мұқият тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырмалар берді. Сонымен қатар, қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі назардан тыс қалмай, алдағы уақытта мәселелердің оң шешім табуы қажеттігін айтты.
08 желтоқсан 2023 ж. 392 0