Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Тұрғындарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, жол, қоғамдық тыныштық және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініш-тілектерін жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындардың мәселелері тиісті заңдылықтар шеңберінде жүзеге асатынын айтты. Тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 шілде 2023 ж. 262 0