Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада ыстық су мәселесі алдағы 3 жылда шешімін таппақ

Қызылордада ыстық су мәселесі алдағы 3 жылда шешімін таппақ

Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартудағы маңызды факторлар – сапалы инфрақұрылым, баспанамен қамту. Алдағы уақытта Қызылорда тұрғындарының өзекті мәселелерінің бірі – ыстық сумен қамтамасыз ету қолға алынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазан айындағы сапарында өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты тарихи шешімдер қабылдады. Көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыру және Қызылорда қаласына ыстық су қосу мәселесі алдағы үш жыл ішінде шешіледі», – деді облыс әкімі.

Еске салсақ, Қызылорда қаласы – республикадағы ыстық суы жоқ жалғыз облыс орталығы.

«Мемлекет басшысы Үкіметке бұл жобаларға қажет қаржыны бөлу туралы нақты тапсырма берді. Мұны жүзеге асыруға 1,1 трлн теңге қаражат жұмсалады», – деп қорытындылады Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, өңірдегі басқа да түйткілдер кезең-кезеңмен шешімін табуда. Қоғамда жиі талқыланатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108,5 млрд теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2025 жылы халық игілігіне беріледі.
07 желтоқсан 2023 ж. 250 0