Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелер күн тәртібінен түспейді

Өзекті мәселелер күн тәртібінен түспейді

Сырдария аудандық Қоғам­дық кеңесі Қазақстан Респуб­ли­касының Қоғамдық кеңестер ту­ралы заңына сәйкес жұмыс іс­теуде. Сондай-ақ бекітілген жыл­дық жоспар бойынша ау­дан­­ның әлеуметтік-эконо­ми­ка­­лық, қоғамдық-саяси дамуында маңызы бар салалар жұмы­сы жан-жақты сараланып, мәжіліс, мониторинг, қоғамдық бақылау, азаматтарды қабылдау іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде.

2023 жылы аудандық қоғамдық кеңестің 17 отырысы өткізіліп, 71 мәселе қаралды. Оның ішінде кеңес мүшелері аудан әкімінің есебін тыңдап, ауданда атқарылатын жұмыстарды пысықтады. Мұнан бөлек аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының, мекеме, бөлім басшыларының, кент және ауыл әкім­дерінің да есебі тыңдалуда. Олар өз салалары бойынша өзекті мәселелердің шешілу жолдарын кеңес мүшелерімен бірлесе қарастыруда.

Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес қоғамдық кеңес мүшелері аудан аумағында салынып жатқан құрылыс нысандары мен көшелерді аралап, мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Қорытындысымен облыстық басқармаларға, аудан әкімдігіне, бөлімдерге ұсыныстар енгізіліп, оның орындалуы бақылауға алынған. Мониторинг жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты тиісті бөлімдердің бірінші басшылары мен мердігер мекеме өкілдері қатыстырылуда.

Қоғамдық кеңес биылдан бас­тап көшпелі отырыс өткізуді қолға алды. Биыл А.Тоқмағамбетов және Шаған ауылында көшпелі отырыс өткі­зіліп, бірқатар ауыл әкімінің есебі тың­далды. Оған ауылдағы қоғамдастық жиынының мүшелері де қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың интернет ресурсында, жергілікті басылымда, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмыстары да ұйымдастырылуда. Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар енгізу, орындалуын бақылауға алып, халық пен билік арасында алтын көпір болу. Кеңестің әрбір мүшесі белсенділік танытып, ауданның дамуы жолында еңбек ете береді.

Жандос ӘБУБӘКІРОВ,
Сырдария ауданды қоғамдық кеңесінің хатшысық
02 желтоқсан 2023 ж. 228 0