Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай циклон ықпалында болып, елде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі: 23 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыста, 23-24 қараша күндері солтүстік-батыста, ал 24 қарашада – республиканың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 қарашада елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысында және орталығында күн райы біртіндеп жақсарып, жауын-шашын жаумайды.

Алдағы күндері республика бойынша жел жылдамдығының 15-28 м/с дейін күшейетіні болжанып отыр. 23 қарашада елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, 23-24 қараша күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел жылдамдығы 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ болады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде -15° - +2°-тан -8°- +8°-қа дейін жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында ауа температурасының түнде - 3-15 °-қа дейін төмендейтіні болжанып отыр. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -6°- +5°-қа дейін, ал шығыста -10°-+3° аралығында төмендейді.

Фото: ашық дереккөзден
23 қараша 2023 ж. 524 0