Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – жемқорлыққа тосқауыл қою

Басты мақсат – жемқорлыққа тосқауыл қою

Тереңөзек кентіндегі «Достық» үйінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өтті.  Семинар-кеңеске аудандық прокуратураның прокуроры Б.Жұмағали, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Зұлқарнаев, аудандық полиция кезекші бөлімінің басшысы Б.Нұрланов арнайы қатысты.

Семинарда «Сырдария-Нұрдария» қо­ғамдық қорының төрағасы М.Омаров биылғы жылы қоғамдық даму бөлімінің жо­­басы аясында атқарылған жұмыс жөнінде баяндап, барлық елді мекенде іс-шаралар ұйымдастырылғанын айтты.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күннің күрделі мәселесі. Жемқорлықпен күн сайын күресіп, тоқтау болмаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Аудандағы барлық бөлім мен мекемелер арнайы іс-шара жоспарын әзірлеп, сыбайлас жемқорлықпен күресуді жүргізіп отыр. Солардың қатарында ең ірі сала – денсаулық сақтау саласы. Саладағы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы бас дәрігердің бастапқы медициналық санитар
лық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Жанар Жұмабаева хабарлама жасады.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер денсаулық сақтау саласында да жүзеге асырылуда. Сырдария аудандық ауруханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәуліктік стационарда ем алушылар және де қабылдауға келген пациенттер арасында сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы аудандық аурухананың апталық лездемесінде қаралуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет, – деген Жанар Әшімқызы аудандық ауруханада пациентті қолдау қызметі, call-орталығы жұмыс жасайтынын айтты.

Денсаулық сақтау саласы бойынша тұрғындардың көкейтесті мәсе­ле­леріне жауап беру мақсатында ау­дандық аурухана бас дәрігері «facebook» әлеуметтік желісі арқылы аудан тұрғындарының сауалдарына жауап беруде. Аудандық емхана бі­рінші қабатында арыз-шағым жәшігі орна­тылған. Ауруханаға жыл басынан бері 13 өтініш түсіп, жауап жолданған.

Құқықбұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында Қызыл­орда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы мамандарынан кеңес алынады. Аурухананы тексеруден өткізген құзырлы органдардың қорытындысы ескеріліп, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеуге жұмыстар жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу бағытында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы басшылыққа алынады. Заң талаптарын орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған әлеуетті өнім берішілер мерзімінде құзырлы органдарға жолданады.

Мұнан басқа денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы көрнекі құралдар көпшілікке көрінетін жерлерге орнатылған. Мемлекеттік нөмірі бар қызметтік автокөліктерді жұмыс уақыты кезінде сауда орталығының қасында, қызметтік автокөліктің тұраққа дұрыс қойылмауы, сыйлықтар алу үшін жібергені, емхана және аурухана ғимаратының маңына тұрақтауы және сол сияқты т.б. жағдайлар қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болудың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілген.

Аудандағы білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Л.Мығымбаева баяндады. Баяндамашы білім бөлімінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2023 жылға іс-шара жоспары жасалып, тиісті жұмыстар атқарылғанын айтты.

– Аудандағы орта білім беру ұйымдарында ұстаздар мен оқушылар, ата-аналардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына салтанатты қабылдау іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. ҚР Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес педагогтарды аттестаттау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке тұлғалар (Азаматтарға арналған үкімет) Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы немесе egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өтініштер ұсынған болса, алдағы уақытта педагогтар портфолио жинамайтын болады. Барлығы цифрлық мұғалім платформасы арқылы жүргізіледі, – деді Ләззат Рысмаханқызы.

Жалпы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды азайту мақсатындағы мектептер мен балабақшаларда, ата-аналардан, қызметтік мақсатта ұжымдастар арасында ақша жинауды болдырмау жөнінде аудандық білім бөлімі тарапынан бұйрық шығарылып, білім беру ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарының алдын алу және болдырмауға бағыт­талған түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарына ағымдағы жылға бөлінген  қаржыныңзаңға сәйкес жұмсалуын қадағалау,бақылау  және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ай сайын еңбекақы қоры мен мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторинг жүргізіліп,нәтижелерімен ай сайын талдамалы есеп дайындау және сапалы жұмыс жасау білім бөлімінің есепшілеріне қатаңтапсырылған.

Семинарда білім саласы бойынша жұмысқа орналасу тәртібі туралы мәселе көтеріліп, сала маманы көп ретте қоғамдық кеңестің ұсынысына сүйінетіндігі туралы жауап берді. Сондай-ақ оқушылардың тәртібі, демалысы, ыстық тамақпен қамтылуы төңірегінде пікір алмасу болды. Денсаулық сақтау саласында тұрғындар тарапынан жедел-жәрдем қызметін дұрыс үйлестіру қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және портал мәселесінде де көптеген түсініспеушіліктер бар екені айтылды.

Бибісара ЖАНӘЛІ
Фото: ашық дереккөзден
28 қазан 2023 ж. 241 0