Жергілікті БАҚ – жаңалық жаршысы
Аудан жаңалықтарын халыққа жеткізуде, ақпараттық насихаттық жұмыстарды ұйымдастыруда мерзімді басылымдардың алатын орны ерекше. Осы аптада ауданға облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің бас редакторлары Қ.Шарабидинов пен Ж.Исаев және республикалық «Халық» газетінің бас редакторы Н.Нұрмағанбетов жұмыс сапарымен келді. Қаламгерлер алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Байдушевтің қабылдауында болды.
Әріптестік бағыттағы кездесуге «Сыр медиа» серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев, аудандық газеттің бас редакторы А.Ибрагимұлы қатысты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Байдушев алдымен аймақтың ата басылымы «Сыр бойы» газетінің биыл «Үркер» сыйлығымен марапатталғанына тоқталып, құттықтау лебізін білдірді.
– Ел тарихының қай кезеңін алып қарасақ та биліктің де, халықтың да қаламгерлерге құрметі жоғары болған. Уақытпен санаспай еңбек етіп, халыққа сапалы әрі мазмұнды ақпарат таратып жүрген жергілікті БАҚ өкілдерінің еңбегін біз де жоғары бағалаймыз. Өздеріңізге белгілі, жақында ғана Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапарымен келіп, Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылында болып еңбек адамдарымен жүздесті. Президенттің сапарын облыстық, аудандық газеттер кеңінен ақпараттандырып, атқарып жатқан жұмысымызды халыққа ұтымды жеткізе білді. Сондықтан журналистерге алғысымызды айтып, шығармашылық сәттілік тілейміз. Алдағы уақытта да біз ауданның жақсы жаңалықтарын, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін, қоғамдық-саяси іс-шараларды өздеріңізге ұсынатын боламыз. Сіздердің тараптан ақпараттық қолдау көрсетіледі деп ойлаймын, – деді Д.Байдушев.
Өз кезегінде қаламгерлер қазақ баспасөзінің бүгіні мен болашағы туралы сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Халыққа ақпарат таратудың заманауи әдіс-тәсілдерін жетілдіріп жатқанын айтып, ел мүддесі жолында бірлесе еңбек етуге ынталы екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстанып, баспасөзде түрлі айдарлар ашып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға көшкенін атап өтті.
Қаламгерлер ауданға жасаған жұмыс сапары аясында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібековпен, аудандық орталық аурухана бас дәрігері Ж.Үсеновпен жүздесті. Сонымен қатар №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде оқырмандармен кездесті. Мұнан бөлек Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің жұмысымен және Тереңөзек кентіндегі «Еңбек Даңқы» музейіндегі жәдігерлермен танысты.

«Тт» ақпарат