Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік иелеріне құжатының мерзімі өткені туралы хабарлама жіберіледі

Көлік иелеріне құжатының мерзімі өткені туралы хабарлама жіберіледі

Қазақстандықтар бүгіннен бастап push-хабарламалардың жаңа түрін алатын болады. Хабарламалар диагностикалық тексеру картасының жарамдық мерзімі аяқталғаны туралы алдын ала хабарлайды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Жаңартулар азаматтарға құжаттың жарамдылық мерзімі туралы 30 күн бұрын ескертуге мүмкіндік береді. Жіберілген push-хабарламалар eGov mobile мобильді қосымшасының «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді.

Егер мобильді қосымша орнатылмаған болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктуге сілтемесі бар 1414 нөмірінен қосымшаға жаңа хабарлама келгені туралы SMS жіберіледі.

«Президенттің «көрінбейтін мемлекет» тұжырымдамасы аясында біз азаматтарға қажетті қызметтерді көрсетуді және ол туралы алдын ала хабардар етуді жалғасытырп жатырмыз. Push-хабарламалар азаматтарға ыңғайлы, себебі хабарламалар  бір ай бұрын жіберіледі және азамттардың жаңа құжатты қайта рәсімдеуге уақыты болады. Осылайша, біз көлік иелеріне көптеген қауіптердің алдын алуға көмектесеміз. Бүгінде eGov mobile әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған push-хабарландырулардың 15 түрін ұсынады. Уақыт өте бұл сан артады», - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сондай-ақ eGov мобильді қосымшасында цифрлық құжат – «Диагностикалық техникалық байқау картасы» қолжетімді. Жаңа құжатта техникалық жай-күй параметрлерінің тізбесі мен міндетті техникалық байқаудың нәтижелері көрсетілген көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі туралы мәліметтер бар. Құжаттың мерзімі өтіп кетсе, ол цифрлық құжаттарда көрсетілмейді.

Көлік иелері электронды құжатты қағаз құжатпен қатар ұсына алады. Цифрлық  құжатты eGov mobile  мобильді қосымшасының басты бетіндегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде табуға болады. Құжат иесі оған QR коды арқылы қол жеткізе алады, бұл құжатты сұраған Тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 29 құжат бар, оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының паспорты және басқалар.

Жаңартулар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш қызметі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысы кезінде іске асырылды.
16 қазан 2023 ж. 246 0