Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Су ресурстары және ирригация министрі Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

Су ресурстары және ирригация министрі Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

Қызылорда облысының экономикалық әлеуеті тікелей суға байланысты болғандықтан тіршілік нәрінің тапшылығы өзекті мәселенің бірі болып саналады. Осыған орай, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына алғашқы сапарын жасады. Сапар барысында министр өңірді аралап, өзекті мәселелердің тізімін жасады. Сондай-ақ, ол іссапардың бірінші күнінде Қызылорда су торабына, "Арал" СЖКБД филиалына, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына, "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалы барып, су тапшылығына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Өз кезегінде министр өңірдегі су мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарды тыңдап, су мамандарымен пікірлесті.

Жалпы, су мәселесі біздің елді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Климаттың өзгеруі барлық аймақта байқалуда. Одан бөлек, адамзаттың күнделікті тіршілік барысындағы іс-әрекеті су тапшылығын туындатуда.

Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрінің жұмыс сапары облысқа қарасты бірқатар аудандарда жалғасатын болады.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
06 қазан 2023 ж. 425 0