«Еңбекші аналар» форумы өтті
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Еңбекші аналар» форумы өтті. «Еңбек етсең – еленерсің» жобасы аясындағы форум жұмысына Қызылорла облысы бойынша "Әйелдер күштері альянсының" төрайымы Рахима Ахметова, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожа, Қызылорда облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының орынбасары Мирамкүл Махамбет және ауданның ардақты аналары мен қыз-келіншектері қатысты.
Аяулы жандарға арналған іс-шарада аудан әкімі Б.Сәрменбаев сөз сөйлеп, еліміздің дамуында әйелдердің үлесі өлшеусіз екеніне тоқталды.
– Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Бала тәрбиесіне қашанда ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз ұрпақ өсірген аналарымызды ардақтап, аялай білген. Барлық уақытта да ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жерді – Ана атымен байланыстырған. Тарих қойнауына көз жүгіртсек кешегі ел басына күн туған шақта ерлердің жігерін жандырып, намысына от берген әйелдер екені айқын. Олар талай аңызға арқау болса, ел тыныштығын қорғап, берекесін еселеді. Алты Алашқа танымал Бегім ана мен Домалақ ана, Айша бибі, Қыз Жібек пен Баян сұлу, Тұмар мен Зарина ханшайымдар, кешегі Әлия мен Мәншүктер, жерлестеріміз Роза мен Мәдиналар сөзімнің алтын арқауы.
Аяулы жандарға арналған іс-шарада аудан әкімі Б.Сәрменбаев сөз сөйлеп, еліміздің дамуында әйелдердің үлесі өлшеусіз екеніне тоқталды.
– Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Бала тәрбиесіне қашанда ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз ұрпақ өсірген аналарымызды ардақтап, аялай білген. Барлық уақытта да ең қымбат ұғымдарды – Отан мен Жерді – Ана атымен байланыстырған. Тарих қойнауына көз жүгіртсек кешегі ел басына күн туған шақта ерлердің жігерін жандырып, намысына от берген әйелдер екені айқын. Олар талай аңызға арқау болса, ел тыныштығын қорғап, берекесін еселеді. Алты Алашқа танымал Бегім ана мен Домалақ ана, Айша бибі, Қыз Жібек пен Баян сұлу, Тұмар мен Зарина ханшайымдар, кешегі Әлия мен Мәншүктер, жерлестеріміз Роза мен Мәдиналар сөзімнің алтын арқауы.
Бұл ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады» деген сөзінің мәні зор.
Дана халқымыз «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді» дейді. Сондықтан да қазақ әйелі – мәңгіліктің, елдіктің, биіктіктің өлшемі. Өңірдің дамуында әйелдердің үлес салмағы басым. Сол себепті де аймағымызда әйел-аналарға ерекше құрмет жасалып, оларға зор қолдау көрсетілуде. Кеше ғана аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен аймақтың 85 жылдығы аясында облыс орталығында ашылған «Анаға тағзым» ғимараты осы сөзіме дәлел. Бұл орталық ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың рөлін күшейтетіні анық.
Қазіргі қоғамда «әйел – кәсіпкер», «әйел – саясаткер», «әйел – қайраткер» деген ұғымдар пайда болды. Аяулы жандар билік пен бизнесте, ғылым мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда. Әйелдердің қоғамдық жұмысқа етене араласуы, саяси қызметтерде өсуі, мемлекеттік қызметте үлесі артып, Отанымыздың жетістіктеріне дем беруде. Бүгінгі форумның мақсаты еңбекші аналарды насихаттап, оларды үлгі ету екені белгілі. Сондықтан форум жұмысына сәттілік тілеймін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мұнан соң ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар ана аудан әкімінің «Алғысымен» марапатталды. Сондай-ақ, аудан басшысы жас отау иелері Хамзе Ікрам мен Айгерім Мінажатқа неке куәлігін, 8-ші баласын дүниеге әкелген көпбалалы ана Мереке Аяповаға ұлының туу туралы куәлігін табыс етті.
Аудан әкімдігінің қолдауымен, Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күштері альянсының" ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, Шаған ауылынан келген Үмбетаевтар отбасы, яғни, ақ жаулықты, алтын құрсақты ана Ибагүл Үмбетаева мен ұл-қыздары, немере-шөберелеріне құрмет-қошемет көрсетілді. «Мерейлі отбасы» конкурсының жүлдегері атанып, республикалық байқауға жолдама алған, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Рақымжан қажы Бәйменов ақ батасын берді.
Мән-маңызы зор форумда Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күштері альянсының" төрайымы Р.Ахметова сөз сөйлеп, бүгінгі қоғамдағы әйелдердің рөлі, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтауда аналарға зор жауапкершілік жүктелетіні жөнінде өтап өтті. Және де Қызылорда облысы бойынша "Әйелдер күштері альянсының" «Алғысымен» сырдариялық сауыншы Айткүл Жолбарысова мен аудандық ауруханасының акушер-гинекологы Найля Абишеваны марапаттап, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясында 30 жылдан аса еңбек еткен Орынкүл Жұманазароваға «Еңбек куәлігін» табыстады.
Өз кезегінде «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Бихожа да аналар әркез отбасының алтын діңгегі екенін тілге тиек етті.
Ауқымды іс-шарада аудан көркемөнерпаздары тақырыптық қойылымдар арқылы концерттік бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ, форум аясында көрмелер ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аудандағы 40 мыңға жуық халықтың 51 пайызын әйел-аналар, қыз-келіншектер құрайды. Олардың басым көпшілігі білім, денсаулық, мәдениет салаларында қызмет істейді. Ауданда 270 "Алтын алқа", 617 "Күміс алқа" иегерлері, 56 Батыр ана, 3 аудандық мәслихат депутаты, 7 әйел мектеп директоры, 24 қыз-келіншектер балабақша меңгерушісі, 49 әйел мемлекеттік қызметте және мекеме-ұйым басшылығында әйел азаматтар елге қызмет етуде.