Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Берік Сәрменбаев: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз үлес қосқан нәзік жандылардың орны қашанда ерекше

Берік Сәрменбаев: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз үлес қосқан нәзік жандылардың орны қашанда ерекше

Бүгін аудан әкімі Б.Сәрменбаев аудандық әйелдер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, бүгінгі күннің басты тақырыптарына айналған отбасы құндылығы мен тәрбие мәселесі айтылды.

Сыр бойында өсіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосқан ардақты аналарымыз Балдырған Мұстафаева, Күләнда Әбдіраманова, Айша Меңлібаева аналарымыз Социалистік Еңбек ерлері атанса, Балапан Арзымбетова, Бексұлу Синаева аналырымыз еңбек ардагерлері атанып, алдыңғы саптың ізін жалғастырды.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Ана дегенде бірінші ойымызға баланың тәрбиесі мен ананың мейірімі келеді. «Алып Анадан туады» деген. Осындай күн сайын мейірімін әлемге таратып, тілеуші аналарымызға алғаусыз рахмет айтқым келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз үлес қосып отқан әріптес қыз-келіншектерге де ерекше алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесуде аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева отбасы тәрбиесі мен құндылығы туралы ой-пікірін білдірсе, Айдарлы, Жетікөл, Шіркейлі ауылының әйелдер кеңесінің төрайымдары ұсыныстарын жеткізді.
24 шілде 2023 ж. 361 0