Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Штаттан тыс орманшылардың жалақысы өседі

Штаттан тыс орманшылардың жалақысы өседі

1 шілдеден бастап орман шаруашылығы салсындағы штаттық қызметкерлердің жалақысы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Үкімет қаулысына сәйкес көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қосымша үстемақы штаттық қызметкерлерге қарастырылған. Себебі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында қаулы ережелеріне сәйкес штаттан тыс қызметкерлерге үстемақы тағайындау мәселесі қолдау таппады. Өйткені, олар сала мамандары емес.

"Сонымен қатар, министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің қорытындысы бойынша 853 млн.теңге көлемінде үнемделген сома анықталды.
Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған қаражатты 1 шілдеден бастап жалақысы көтерілгендер санатына кірмеген қызметкерлердің еңбегіне қосымша ақы төлеу үшін пайдалануды тапсырды, үстемақы 4 539 қызметкерге тағайындалмақ", - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, аталған қаражат Министрліктің бекітілген бюджеті аясында бастапқыда жоспарланған нәтижелерді өзгертпей, өткізілген Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қайта қарастыру есебінен бөлінді.

Фото:Gazeta.ru
18 қыркүйек 2023 ж. 312 0