Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық қызметшілердің жалақысы өседі

Азаматтық қызметшілердің жалақысы өседі

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізетін ҚР үкіметінің қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта Қазақстанның мемлекеттік орман қорғау қызметтері қызметкерлерінің, табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды көбейту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының, денсаулығы мен өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты балық шаруашылығы, су айдындарын немесе учаскелерін қорғау бойынша өсімін молайту кешенінің кәсіпорындарына лауазымдық жалақысын 100% мөлшерінде көтеру қарастырылған.

«Орман шаруашылығы қызметінің төмен жалақысы сайып келгенде жұмысшылардың жиі ауысуына, тұрақты бос орындарға, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне әкеліп соқтырды. 300-ге жуық жұмысшы жұмыс істейді. Кәсіпорындар қызметінің және олардың ауыр еңбек жағдайларындағы жұмысының ерекшелігін ескере отырып, қазіргі жалақы мөлшерлемелері олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді. Сонымен қатар тұрақты жұмыс күшін қалыптастыруға және кадрларды тарту арқылы кадрлық ресурстарды нығайтуға мүмкіндік бермейді», деп түсіндірді Орман шаруашылығы және жануарлар комитеті.

Жалақыны көтеру үшін 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттен жалпы сомасы 38 млрд теңгеге қосымша қаржы ресурсын бөлу жоспарланып отыр.

Құжат 30 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.
13 наурыз 2023 ж. 267 0