Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 1 қаңтардан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 қаңтардан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі

ҚР Үкіметі Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулы бойынша, аталған сала қызметкерлерінің екбақы тарифиндегі мөлшерлемелер былайша өзгермек:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың:

стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

3. Медицина және фармацевтика қызметкерлері ставкалардың белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы):

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде белгіленеді.

4. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 мөлшерде.

Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
15 желтоқсан 2021 ж. 561 0