Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

20 тамызда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, жаңбыр, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Еліміздің орталығы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Барлық өңірде екпінді жел тұрады.

Күндіз Атырау, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Қарағанды облысында, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары.

Фото: ашық дереккөзден
21 тамыз 2023 ж. 228 0