Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жексенбіде ауа райы қандай болады?

Жексенбіде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет ел аймақтарында 9 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады.

Республикамыздың оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Елміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өте қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының облысының, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

09 шілде 2023 ж. 477 0