ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов іңкәрдариялықтармен жүздесті
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Аmanat» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Сырдария ауданында сайлаушылармен кездесіп, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген бірнеше нысандардың жұмысымен танысты. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, аудан әкімінің орынбасары Р.Еспенбетов және сала мамандары қатысты.
Фракция мүшесі алдымен Іңкәрдария ауылында болып, ауыл тұрғындарына соңғы қабылданып жатқан заң жобаларын түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алды.
Мұнан соң аталған ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс сапасын бақылады. Фельдшерлік–акушерлік бекеттің күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 51,8 млн. тг. қаржыны құрайды. Бас мердігер «Жылу ХХІ» ЖШС. Жөндеу жұмыстары үстіміздегі жылдың 01 маусымы күні басталған. Пайдалануға беру мерзімі қазан айына жоспарланып отыр.