Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады - министрлік

Әскерге бармағандарға әскери билет тек цифрлық нұсқада ұсынылады - министрлік

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге бармаған азаматтарға әскери билет онлайн форматта ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мерзімді әскери міндетін өтемеген азаматтар әскери билеттерді комиссариаттарға барып алудан босатылады. Енді олар қағаз күйінде емес, цифрлық нұсқада ұсынылады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Мысалы, қазір әскерге бармағандар комиссариаттарға келіп, әскери билеттерін алып кетеді. Сонымен қатар, әскери билеттер жоғалған кезде оларға айыппұл салынады. Сондықтан біз аталған процестердің барлығын алып тастаймыз», - деп түсіндірді Дархан Ахмедиев ОКҚ- өткен брифингінде.

Яғни, мерзімді әскери міндетін өткермеген азаматтың жеке кабинетінде оның әскери билеті электрондық нұсқада көрсетіледі. Министрдің орынбасары атап өткендей, қазір бұл ұсынысты іске асыру үшін қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу жұмыстары қолға алынған.
27 шілде 2023 ж. 195 0