Қызылордалық үш мектеп республикадағы үздіктер қатарында
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысушы мектептер арасында 100 олимпиадалық мектеп рейтингісін жариялады. Нәтижесінде «Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектебі» қатарына Сыр өңірінен 3 білім беру ұйымы енді. Олар – №9 және №10 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаттары және Абай атындағы №138 орта мектеп.
Рейтинг формула бойынша шығарылды, мұнда алтын медаль 3 ұпаймен, күміс медаль 2 және қола медаль 1 ұпаймен бағаланады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 295 мемлекеттік және 24 жеке мектеп мектеп бар.











