Мүмкіндігі шектеулі жандарға Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңарған Түркістанға саяхат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Іс-шараның мақсаты мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.
Саяхатқа 1-топ 20 мүгедектігі бар жандарды және олардың көмекшілері қатысты.
Оған барған жандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып зиярат етіп, түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін тамашалап, саяхаттан рухани серпіліс алды.