Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімі ұзартылмайды

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру мерзімі ұзартылмайды

Автокөлікті жүргізудің де, өзіндік машақаты көп. Қазіргі уақытта меншігіңіздегі автокөлік шетелдік болса, оны заңдастыру елімізде қарқынды түрде жүргізілуде. Жыл басынан бастау алған шетелдік автокөлікті заңдастыру бірнеше күннен кейін аяқталады. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әке­лінген автокөліктерді заңдастыстыру мерзімі 1 шілдеге дейін белгіленген.

Әрине, заң барлығына бірдей. Қазіргі уақытта шетелдік автокөлік­тер­ді заңдастыру жұмыстары жөнінде ҚР ІІМ-не қарасты әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтан­баев баяндаған болатын.

– 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді кү­туде. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 22 мамырынан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды. Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін). Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде. Осыған байланысты ағым­дағы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді. Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген же­рі бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, атал­­ған көлік иелеріне оларды Қа­зақ­стан Республикасында 5 жыл мер­зімге уақытша есепке қою құ­қығы берілетін болады. Ағым­да­ғы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдас­тыруға өтінімдерді қабыл­дау тоқтатылады және заңдас­тыру мер­зімі ұзартылмайтынын ескер­те­міз. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Респуб­ли­касының заң талаптарын бұзып пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтан­баев.

Осы күні аудан көлемінде жер­гі­лікті тұрғындар автокөлігін заңдас­тыру үстінде. Бұған дейін шетелдік көліктерді заңдастыру 2024 жылға дейін жалғасады деген жалған ақ­парат тарады. Сол себепті де жалған ақпаратқа сенбей, дер уақытында автокөлікті заңдастыру керектігін аудан тұрғындарына аудандық полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Сейілхан Кеукенов ескертеді.

– Ел азаматтарының көпшілігі Ресей, Қырғызстан, Армения елінен автокөлік әкелуге әуес. Бүгінде аудан бойынша 438 автокөлік заң­дастырылды. Қашанда біз аудан тұр­ғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Қай кезде де, әрбір азамат өз меншігіндегі жылжымалы мүлікті заңдастыруға міндетті. Бұл ретте, алдағы 10 күн көлемінде аудан азаматтары автокөліктерін заңдас­тырып алса дейміз, – дейді Сейілхан Кеукенов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
20 маусым 2023 ж. 366 0