Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда тұрғыны шетелдік автокөлігін заңдастырды

Қызылорда тұрғыны шетелдік автокөлігін заңдастырды

Кеше еліміз бойынша шетелдік автокөлікті заңдастыру бас­талды. Жергілікті автокөлік иелері халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, заңдастыру рәсімін жүргізуде.

Шетелдік автокөлікті заңдастыру рәсі­мі­нің алғашқы күнінде Аманкелді ауы­лы­ның тұрғыны Асылбек Тілеубеков өз менші­гіндегі Ресей мемлекетінен әкелген «Nexia» автокөлігін заңдастырды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны «Азаматтарға ар­налған үкімет мем­лекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызыл­орда облысы бойынша фи­лиалының маман­дан­дырылған бөлімнің қызметіне жүгінді. Автокөлік жүргізушісі ресейлік автокөлікті өз атына аудару үшін 200 мың теңге, ал құ­жаттарға 15 мың теңге қаржы төлеген.

– Бірнеше жылдан бері күрмеуі шешілмей жатқан мәселенің оңынан жүзеге асқанына қуаныштымыз. Бүгін алғашқылардың бірі ретінде көлігімді заңдастыру мүмкіндігіне ие болдым. Сала мамандары әп-сәтте кәсіби тұрғыдан жұмыс жасай білді. Алдағы уақытта ешбір алаңдамастан авкөлігімді жүргізуге болады. Әрине, заң аясында қолданысқа енген заңдастыру қызметі автокөлік иелеріне қолайлы деп білемін. Өзім секілді жергілікті тұрғындарды шетелдік автокөлігін заңдастыруға шақы­ра­мын, – дейді ауыл тұрғыны Асылбек Тілеу­беков.

Жалпы, Қазақстан Республикасының заң­­­на­масына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өт­­пеген шетелдік автокөлікті заңдастыру қызметі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жал­ғасады.

«ТТ» ақпарат
23 қаңтар 2023 ж. 257 0