Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 33656 гектар егін егілді

33656 гектар егін егілді

Сырдарияда бүгінде егін науқа­ны толық аяқталды. Биыл аудан бойынша жалпы 33963 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленсе, есепті ке­зеңде ауыл шаруашылығы құры­лым­да­рында 33656 гектар егін егілді.

– Аудандағы шаруашылық құры­лымдары егін дақылдарын орналас­тыру жұмыстарын аяқтады. Оның ішінде, негізгі дақыл күріш – 21885 гектар, 180 гектар мақсары, 1683 гектар жаздық бидай, 15 гектар арпа, 1828 гектар жаңа жоңышқа, 410 гектар картоп, 221 гектар көкөніс, 363 гектар бақша дақылдары орналастырылып, 7071 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды. Егін егу науқаны ауданда қарқынды іске асырылып, нәтижесінде жоспарлы жұмыс орындалды. Одан бөлек, диқан қауымының арасында бақша дақылдарын егуге ниет еткендер қатары көп. Сол себепті де олар өздерін қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жер учаскелері берілді. Мемлекет тарапынан егстік жерлердің күтіміне қажетті барлық құралдармен қам­тамасыз етілді. Суару үшін су айдайтын насос пен қажетті жанар-жағармай уақытылы жеткізіліп тұрды. Енді егілген егінді күтіп баптап, одан күзде мол өнім алу қамына кірісетін боламыз, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков.

Айту керек, осы күні Сырдарияда негізгі дақыл күріштің 21885 гектары 100 пайыз егіліп, толығымен суға бастырылды.

Бибісара ЖАНӘЛІ
10 маусым 2023 ж. 426 0