Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Күз немесе көктем: ағашты қай кезде отырғызған дұрыс?

Күз немесе көктем: ағашты қай кезде отырғызған дұрыс?

Ағашты қай кезде отырғызған дұрыс деген сұраққа нақты жауап жоқ. Себебі жылдан жылға ауа райы өзгереді, әр жақта жер әртүрлі және оған қоса, әр көшет әртүрлі. Ендеше, күзде және көктемде ағаш отырғызудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық.

Күзде ағаш отырғызудың артықшылықтары:

Тәлімбақ (питомник) жаңа ағаштар бере бастайды, бағасы арзанырақ болады және таңдау көбірек. Оған қоса сатушылар сол сұрып берген жемістерді де көрсете алады.
Жер бұл мезгілде ылғал және қопсытылған болады, сондықтан суару жағынан аса қиналмайсыз.
Тамыр топырақ температурасы төрт градусқа дейін суығанша өседі. Сондықтан көшет қатайып, жерге бейімделіп үлгереді.
Жалпы саяжайда күз мерзімінде жаз алдына қарағанда шаруа азырақ.
Күзде ағаш отырғызудың кемшіліктері:

Күзде ерте қар түсу немесе аяз келу қаупі бар. Ал бұлар жас өсімдік үшін күйзеліс. Сондықтан қосымша күтімсіз олар өліп қалуы мүмкін.
Суық мерзімде кеміргіштер оның қабығын кеміріп тастауы мүмкін.
Күзде салқынға шыдайтын сұрыптарды таңдаған жөн. Оған алма мен алмұрт ағаштары, қара өрік, таңқурай, қарақат, қарлыған бұталары жақсы тамыр алады.

Көктемде ағаш отырғызудың артықшылықтары:

Өсіндінің үсіп кету қаупі жоқ. Тіпті, көктемдегі салқын желден де қорықпауға болады.
Әдетте, бұл мерзімде саябақшылар саяжайда жиі болады, яғни оның бейімделу процесін бақылап жүреді.
Көктемде ағаш отырғызудың кемшіліктері:

Күзгі сатылымға қарағанда көктемде таңдау аз. Сапасы да онша болмауы мүмкін.
Егер жаз ыстық болса, жас бұтаққа мұқият күтім жасап, күнде суару керек болады. Кейде тіпті, күн сәулесінен қорғап, бетін жауып қою керек.

Көктемде жылуды жақсы көретін ағаштарды отырғызу ұсынылады. Мысалы: алмұрт пен алманың кей сұрыптары, өрік, шабдалы және шие.

Жазда ағаш отырғызуға бола ма?

Жазда жемісті, жапырақты және қылқан жапырақты дақылдарды отырғызуға болады. Ол үшін тамыр жүйесі жабылған күйде сатылатын көшеттерді таңдаңыз. Мұндай дақылдардың тамыры құмырада немесе контейнерде болады. Ағаштарды жазда маусымнан кешіктірмей отырғызу ұсынылады. Ашық тамыр жүйесі бар ағаш жылдың басқа уақытында отырғызылуы керек, өйткені жазда зақымдану ықтималдығы жоғары.


08 маусым 2023 ж. 243 0