Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суық кезде смартфонды қалай дұрыс пайдалану керек?

Суық кезде смартфонды қалай дұрыс пайдалану керек?

Күзде немесе қыста смартфонды жылыту құрылғысының жанында қалдырса, ол 60 градусқа дейін қызуы мүмкін. Ал бұл смартфон батареясы үшін өте қауіпті.

Күзде адамдар ғана емес, гаджеттер де тоңады. Салқын мезгілде смартфонды қалай қолдану қажет екенін Sputnik радиосына берген сұхбатында Computer Reseller News шолушысы Александр Маляревский түсіндірді.

Кез келген смартфон белгілі бір температурада жақсы жұмыс істейді деп есептелген. Салқын ауа салдарынан құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін. Сол себепті қыста және күзде оны салқыннан қорғауға барынша тырысу керек. Гаджеттің ең нәзік тұсы – батарея. Суық кезде ол күтпеген "тосынсый" жасауы ғажап емес.

"Батареяның салқындауына жол бермеу керек. Бұл күрделі химия. Батарея жұмыс температурасы шегінен шыққан кезде жарылып кетпесе де, оның тиімді сыйымдылығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін", - деді Александр Маляревский.

Сондай-ақ телефон батареясын қатты ысытуға да болмайды. Гаджетті жылу құрылғысының алыс ұстаған жөн.

"Күзде немесе қыста смартфонды жылыту құрылғысының жанында қалдырса, ол 60 градусқа дейін қызуы мүмкін. Ал ол смартфон батареясы үшін өте қауіпті. Белгіленген температурадан асып кетсе, батарея тез іске жарамсыз болып қалады. Тіпті смартфонның барлық электроникасын бұзуы мүмкін", - дейді маман.
Сондықтан қыста құрылғыны қауіпсіз температурада ұстау үшін телефонды сыртқы киімнің емес, жейде  қалтасында сақтаған дұрыс.

Маляревскийдің айтуынша, смартфонды қолдану нұсқаулығымен танысу керек. Ол жерде әдетте телефонды қалай қолдану қажет екенін көрсетілген.
06 қазан 2021 ж. 322 0