Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала үздіктері – мәртебе төрінде

Сала үздіктері – мәртебе төрінде

Бүгінде егемен еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлері қаншама. Олар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихымызды насихаттау, салт-дәстүрімізді жаң­ғырту, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру бағытында еңбек етуден еш жалыққан емес. Осыған орай сала қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ­ауданда арнайы салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Б.Сәрменбаев қатысып, мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

– Мәдениет пен өнер саласының дамуына ерекше үлес қосып жүрген сала ар­дагерлерін, өнер адамдарын, шығар­машылықпен айналысып жүрген ақын-жазушыларымызды, халқымыздың салт-дәс­түрін, өнерін насихаттап жүрген барша аудан тұрғындарын төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күні біз мәдениет және өнер мекемелерінің – музейлер мен кітапханалардың, театр­­лар мен концерттік ұйымдардың, халық шы­ғармашылығы және мәдениет үйлерінің, аудандық және ауылдық клубтардың қызметкерлеріне, сон­дай-ақ ақын-жазушыларға, әртістерге және басқа да шығармашылық мамандық өкілдеріне шын көңілден алғыс білдіреміз. Біздің қоғамда руханиятты да­мытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсінікті өрістетуге жол ашатын үздік мә­дени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріліп келеді. Маңызды саланы дамыту – баршамыздың азаматтық парызымыз және мін­детіміз деп есептеймін. Сала майталмандарын кә­сіби мерекемен құттықтап, еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін. Қа­шанда алға қойған мақсаттарыңыз орындала берсін және биік белестерде талмай қызмет ете беріңіз­дер деп тілеймін, – деді аудан әкімі.

Мұнан соң ауданның рухани-мәдени дамуына үлес­ қосқан сала ардагерлері мен нәтижелі ең­бек етіп жүрген мамандар түрлі марапаттармен ма­ра­патталды. Атап айтқанда, облыс әкімінің Ал­ғыс ха­тымен «Балауса» халықтық би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Пернебаева, А.Тоқмағамбетов ауылдық клубының директоры Әсел Ибраева, А.Тоқ­мағам­бетов ауылдық кітапханасының кітапхана­шысы Гүлнар Қаржанова марапатталса, Жетікөл ауылдық клубының директоры Алмат Өтеуовке, Шіркейлі ауылдық мә­дениет үйінің директоры Мақсұт Әбсадықовқа, ау­дандық кітапхананың кітап­ханашысы Гүлмайра Асанға облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының Алғыс хаты берілді. Сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатын сала ардагері, қолөнер шебері Жәнібек Маханбет, Айдарлы ауылдық клу­бының директоры Анар Қалдыбаева, Бесарық ауыл­дық мәдениет үйінің директоры Абзал Молдашев, аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Азиз Садықов, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері Ғалымжан Таңатаров, халық теат­рының суретшісі Жәнібек Әбдіреев, мәдени ұйым­дастырушы Махмуд Сақтапов, әнші Руслан Садықов, Динара Жәкешова, Ақбота Талғатова, Қалжан ахун ауылдық клубының әдіскері Гүлжанат Сырғабаева, Тереңөзек кент мәдениет үйінің әдіскері Ербол­ Жасұланұлы иеленді.

Мерекеге орай салалық кәсіп­одақтың Құрмет гра­мотасы аудандық мәдениет үйі­нің әдіскері Гау­хар Сәрсенбаева мен Қоғалыкөл ауылдық клу­бының әдіскері Гүлшара Сарбасоваға берілсе, Ал­ғыс хатын Сырдария аудандық мәдениет үйінің мәдени қызметкері Айләззат Сүлейменова мен Марат Қошық, есепші Лаззат Баймбетова, Бес­арық ауыл­дық мәдениет үйінің әдіскері Маржан Дүй­сенбаева иемденді.

Осылайша, саланың дамуына үлестерін қосып, еңбегімен көзге түскен азаматтар марапат биігінен көрінді. Бұл күні мереке иелерінің құрметіне ау­дан­ның көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, би билеп, жиналғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
23 мамыр 2023 ж. 302 0