Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерлерге арналған байқау жарияланды

Қаламгерлерге арналған байқау жарияланды

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне (Журналистер күніне) орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлайды.

Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей:

• Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы;

• импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану;

• Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы;

• ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер;

• табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек:

• спорт және салауатты өмір салты;

• жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар.

Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек.

Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады.

Материалдар мен анкеталық мәліметтерді union-press@kazmedia.kz почтасына материалдарға сілтеме көрсете отырып, тек электронды түрде жолдау керек. Сауалнамада жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы, телефоны және материалдарының қандай басылымдарда жарияланғанын көрсету қажет.

Байқау қорытындысы 20 маусымда шығады, ал 2023 жылдың 28 маусымында Алматыда марапаттау рәсімі өтеді.

Байқау туралы қосымша ақпарат Журналистер одағының Facebook парақшасында жарияланады: http://www.facebook.com/jurunion
12 мамыр 2023 ж. 140 0