Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНАДАН ЛОНДОНҒА ӘУЕ КЕМЕСІ КҮНДЕ ҰШАТЫН БОЛАДЫ

АСТАНАДАН ЛОНДОНҒА ӘУЕ КЕМЕСІ КҮНДЕ ҰШАТЫН БОЛАДЫ


"Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана-Лондон бағыты бойынша байланыс жиілігін арттырады, деп хабарлайды BNews.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
    Айта кетейік, әуекомпаниясы күнделікті рейстерді 2018-жылдың 1 маусымынан бастап орындайтын болады.
    Лондоннан "Эйр Астанамен" ұшатын жолаушылар Алматы, Үрімші, Дели, Новосібір, Омбы, Түмен және Екатеринбург қалаларымен тоғысуларды пайдалана алады.
    Лонданға ұшатын рейстер 16 орындық бизнес-класс, 108 орындық эконом-класс, 12 орындық дем алатын эконом-класс сияқты 3 класты қызмет көрсетілетін Boeing 757 әуе кемесімен ұшады.
    Ал билет құны 211,7 мың теңгеден басталады.
26 ақпан 2018 ж. 991 0