ТЕЛЕФОНДЫ АУА АРҚЫЛЫ ҚУАТТАУҒА БОЛА МА?
АҚШ-тың Массачутес технология институтының зерттеушілері ауадан электр өндіретін құрылғы ойлап тапты. Бұл туралы оқу орнының ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Құрылғы күнделікті ауа температурасы өзгеріп тұруынан қуат алады. Мысалы, күндізгі және түнгі температураның айырмашылығы 10 градус цельсий болса, ол 1,3 милливольт энергия және 350 милливольт шама өндіреді. Мұндай қуат жай датчиктер мен байланыс құралдарының жұмыс істеуіне жеткілікті.
Құрылғының ішінде мыс пен никельден жасалған металл көбік бар. Ол графенмен қапталған және арнайы балауызбен толтырылған. Сонда құрылғының бір жағы жылу бөледі. Ал екінші жағы оны жинай береді де, температураның ауысып тұруы электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша, бұл термалық резонатрының жылу инерциясы жоғары.
Мамандар оның қуатын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Содан кейін смартфондарды қосып, қуаттауға болады.
Болашақта бұл құрылғы шалғайдағы ауылдарға электр жеткізіп, ғарышта да энергия көзі болуы мүмкін. Иә, бәрі де мүмкін...