Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала бойынша проблемалық мәселелер талқыланды

Сала бойынша проблемалық мәселелер талқыланды

Аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудандағы әр сала бойынша проблемалық мәселелер және олардың шешілу жолдары туралы мәжіліс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Б. Мейрамбекұлы - “Жер қатынастары саласында заң бұзушылықты болдырмау” туралы және Жер кадастры бойынша Сырдария аудандық бөлімінің басшысы Б.Омаров - “Жер кадастры бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы” туралы хабарлама жасады.

Аудан басшысы заң тәртібіне сәйкес, ауданда пайдаланылмаған жерді мемлекетке қайтару, зерттеу, құжат айналымы және мемлекеттік жер қатынастары саласындағы басқа да өзекті мәселер бойынша хабарламашыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, жиында ауданның санитарлық тазалығы, бюджеттен қаралған қаржының мақсатты игерілуі, мердігер мекемелердің жұмыстарының сапасы және мерекелік іс-шаралар жоспары талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, барлық мәселелер хаттамаланып, бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарларына және аппарат басшысына тапсырылды.

22 наурыз 2023 ж. 267 0