Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл осы сәтте Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 146 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.

Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Олардың 11-і астана уақытымен сағат 18-00-де жұмыстарын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.
19 наурыз 2023 ж. 392 0