Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімдерін сайлау: қорытынды ақпарат

Ауыл әкімдерін сайлау: қорытынды ақпарат

Қызылорда облысында ауыл әкімдерін сайлауға арналған саяси науқан аяқталды. Сайлау таңертең жергілікті уақытпен сағат 07.00-ден басталып, 20.00-де өз мәресіне жетті. Науқан сайлау заңнамасына сай өтті, деп хабарлайды www.gov.kz.

Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 54 сайлау учаскесінде 36071 сайлаушы тіркелген. Жергілікті уақыт сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 30 149, яғни 83,58 пайызы дауыс берді.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 7295 – 90,97% құрап отыр

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2496 – 93,38%

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 2854 – 83,70%

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 3156 – 87,76%

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2584 – 92,02%

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3324–78,67 %

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8440 – 74,43 %

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өткізілді, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.
26 шілде 2021 ж. 388 0