Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қайырымдылық қоржыны таратылды

Қайырымдылық қоржыны таратылды

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы­ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Сырдария аудандық орталық мешіті Қасиетті Шағбан айының құрметіне игі іс-шара ұйымдастырды.

Қасиетті айлардың бірі – Шағбан айына байланысты Мұхаммед Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Шағбан айы кіргенде өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұ­рыстаңыздар» деген. Осыған орай аудандық ор­талық мешітте қайырымдылық жасалды. Атап айтқанда, жамағаттың ұйытқы болуымен 70 от­басыға қайырымдылық қоржыны таратылып, кө­мек көрсетілді.

– Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан айы. Ол − қасиетті үш айдың бірі, құлшылықтарымыз­дың сауабы еселеп жазылатын берекелі ай. «Көп­теген жақсылықтардың бастауы» деген ма­ғынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Сондықтан да осы қасиетті айда жақсылық жасап, игі іс-шараларға үн қосу сауаптарды еселейді, – дейді аудандық орталық мешіттің бас имамы Асхат Асқарұлы.

«ТТ» ақпарат
11 наурыз 2023 ж. 399 0