Дүйсенбіде неден қашық болу керек?
Біз сіздерге осыған дейін аптаның дүйсенбісі туралы дүбірлі ақпарат беріп өткен едік. Бүгін соның ізін жалғай, дүйсенбіде неден қашық болу керектігі туралы айтып өтпекпіз.
Дүйсенбі күні дәрігердің қабылдауына жазылмағаныңыз дұрыс!
Дүйсенбі күні дәрігерге қаралуға сәтсіз күн деп есептеледі. Мұны Глазго университетінің ғалымдары дәлелдеп отыр. Дәрігерге қаралып, мазалап жүрген жәйтпен бөліскіңіз келсе, аптаның басқа күнін таңдаған дұрыс. Бәрі де "дүйсенбі синдромына" байланысты. Мұндай дертке тек біздер ғана емес, сонымен қатар, дәрігерлер де шалдығады. Дүйсенбі – көбіміз үшін ауыр күн. Осы күні көбісі дәрігерлерге жүйке жүйсесінің мәселерімен қаралады екен. Кейбіріміз үшін аптаның барлық қиын мәселесі осы күнге жиналып қалғандай көрінеді. Жұма жақындаған сайын адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болары рас. Дәрігерлерге көрінерде дүйсенбіні таңдамаған дұрыс. Әрине, тек асқынып бара жатқан дертіңіз болмаса... Шотландиялық ғалым да осыны құптай келе, "қаралушылар дәрігер қабылдауына басқа-басқа, тек дүйсенбі күні жазылмауға тырыссын" деп айтып өтеді.
Дүйсенбі күні нәзік жандылардың көз жасына қалмаңыз!
Шетел ғалымдарының мына бір зерттеуін айтпай өте алмаспыз. Әйел адамдардың 65 пайызы аптаның дүйсенбісінде көз жасын бір сығып алады екен. Демек, нәзік жандылардың жартысынан көбі дүйсенбі күні түрлі жағдайға байланысты жылап алады. Жанардан аққан жастың көбі екеуара ұрыстан болады. Әйел адамдар басқа күндері де ренішін жасырмай жүруі мүмкін, тек олар қалған күндері шыдап жүрсе де, көбіне дәл осы дүйсенбіде көз жасын тыя алмайды екен.
Дүйсенбі жұмыстан қалмаңыз! Тіпті кешікпеңіз де!
Дүйсенбі күні бастығыңыз ерте келіп, жұмысшыларын бір түгелдеп шығуы мүмкін. Сонда көзге ілікпей қалып жүрмеңіз. Кешегі күн қандай қиын болса да, жұмысқа ерте келіп алыңыз. Дүйсенбі – "жол кептелісінің дәурені". Мұны сіз білесіз, ендеше қоңыраудың алғашқы шырылынан-ақ тұра салыңыз.
Біз бұған дейін сіздерге аптаның ең ауыр күні жайлы мағлұмат беріп те өткенбіз. Біз үшін ешқашан аптаның ауыр күні болмасын деп тілейік! Ал сіздің дүйсенбіңіз қалай өтіп жатыр?