Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады

Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикер ұсынған мәліметке сай, тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Сондай-ақ, іріктеу конкурсына қатысатын үміткер келесі кезеңдерден өтеді:

1. Жеке қасиеттерін бағалау;

2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау;

3. Эссе жазу;

4. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту.

Азамат Жолманов айтуынша, үміткерлерді лауазымға жаңа жүйемен іріктеу 1 наурызда басталады.
22 ақпан 2023 ж. 656 0